Жарнама
Жаңалықтар

Менің арманым және ғажайып TOPIQ.kz

«Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады» деп Константин Ушинский айтқандай оқыту мен тәрбиелеу менің өмірімде тығыз байланысты десем де болады.

Бүгінгі күніме оқыту мен әсер ете алудың даңғы жолдарымен жеттім. Балалар үйінде өскенім, тәрбиеленгенім мен үшін үлкен мектеп болды, бойымда үлкен арман қалыптастырды. Ал, сол арманымның орындалуына жағдай жасалып отырды. Қолдаушыларым көп болды.

Ал, мендегі үлкен арман ұстаздық жолға түсу еді. Оның ішінде, ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар, мүмкіндігі шектеулі балалар, тірек-қимыл апараты бұзылған мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасау өмірлік миссияма айналды. Мамандығымды таңдап, оны аяқтап, жұмысқа орналысуыма елімнің қолдауы мені шабыттандырды. Басына қиын сынақ түскен балаларды үйрету арқылы азаматтық борышымды еңбегім арқылы көрсетіп, еліме адал қызмет еткім келді. Бұл қиындығы мен қызығы мол жұмысқа тәжірибе жинақтау, іздену, кәсіби шеберлігімді арттырып отыру үнемі алдыңғы орында тұрды. Себебі, бала-болашақ, бала-еңбектің жемісі, бала-мемлекеттің байлығы. Оны дамыту ортаға бейімдеуде бір сарындылықтан арылу қажет. Ал қазіргі баланы тек заманауи технологиямен қызықтыра аласын. Бұл қандай? Мені қиындықтан не құтқарды. Оқушылармен жұмыс жасап жүргенімде ғажайып TOPIQ.kz платформасы туралы білдім. Бұл платформа маған да, оқушыларыма керемет жаңалық болды. Балалардың оқуға қызығушылығы артты. Оқушының TOPIQ.kz платформасына қызығушылығы бейне-анимациялар, түрлі логикалық ойындар, қызықты тапсырмалар және кері байланыс. Мүмкіндігі шектеулі балалар әсіресе, тірек-қимыл апараты бұзылған балалар қолымен жаза алмаса да, компьютермен тапсырмаларды орындау, оқу мен қатар сауатты жаздыртуға үйрету  тиімді болды. Өз бетімен жұмыс жасап қиындықтан шыға бастады. Біріге отырып онлайн тапсырмаларды орындадық. «Бала кітаптан алыстай бастады, балаға кітапты қалай оқытамыз электронды техника миын улады» деген ата-ананың жан айқайын жеңілдеткен платформа болды десем де болады. Сондай-ақ ерекше балалардың өмірге, оқуға қызығушылығын, құштарлығын оятқан платформа болды. «Өзін үйрене жүріп, өзгелерді үйретесін». ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, тың ақпарат, жаңа реформа жаңартылған мазмұнды білім саласымен ерекшеленеді. Баланың соның ішінде ерекше оқушыны өз заманына сай халықаралық деңгейге сәйкес, ой-өрісін дұрыс дамыған етіп тәрбиелеу-әр педагогттың міндеті. Заманына сай адамы демекші, қазіргі педагогтер бақылаушы, ізденуші, шығармашыл, өнертапқыш, жаңашыл болуы қажет.

Лұқпанова Ғалия Сисенқызы

Педагог-дефектолог

№35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп-гимназия

e431e709 3d6f 4523 a851 ccc4f41c5150

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button