Мақат ауданында биыл 69 жоба қаржыландырылды

screenshot 25 1 Жаңалықтар

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар есебінен 258 миллион 137 мың теңгеге 69 жоба қаржыландырылды. Бүгінде 1 784 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Бұл көрсеткіш былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 25,9 пайызға өсіп отыр.

-Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Атырау Әлеуметтік Қолдау Корпорациясы»-мен келісім-шарт арқылы «Лидер» халықтық дүкені арқылы баға тұрақтандырылып келеді. Сонымен қатар, «Карат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім орнап, осы жылы «Дәулет нан» өнімдері делдалсыз тікелей сатылуы үшін ауданнан 3 жерден сауда нүктелері ашылды,- деді Р.Ибрагимов.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда 12 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз