АТЫРАУДА АЛЫП ЖІГІТ ТҰРАДЫ

rpra Жаңалықтар

Бойы екі метр болатын Никита Шевнин Ұлттық ұланда әскери борышын өтеу үшін 20 келі салмақ тастаған. 

Бүгінде ол «Батыс» аймақтық қолбасшылығының №5546 әскери бөлімшесінде – қатардағы қарапайым жауынгер. Бойының нақты ұзындығы – 1,99 метр. Бұрын салмағы 140 келіге дейін жеткен екен. 

«Мектепте бойым тез өсті. Аяқкиім өлшемінің өзі – 47. Әскерге шақырған кезде медициналық тексерістен өттім. Артық салмағым болғандықтан алмады. Амал жоқ, колледждегі оқуымды жалғастыра бердім. Бірақ, Отан алдындағы борышымды өтеуге деген құлшынысым артпаса, кеміген жоқ. Осылайша, арықтауға бар күшімді салдым. Ақырында бірнеше айдың ішінде салмағым 20 келіге азайып, 112 келіні құрады» дейді сарбаз.

 Атыраудың алып жігіті қазір де казармадағы төсегіне азар сыяды. Әскери бөлімшеде бәрі бойының ұзындығына таңқалады. Ол әлі де арықтағысы келетінін айтады. Тіпті, бөлімше командиріне әскери қызмет аяқталғанға дейін 90 келі боламын деп уәде де беріпті. Ендеше, сәттілік серігің болсын, сарбаз!

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

22913408 0 0 3129 2048 1440x900 80 0 1 2e508918fb347bb92ead5d7ceb7d7eff.jpg
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз