Қазақстанда орташа жалақы 17,1 %-ға өсті

2021 09 21 dgal Жаңалықтар

Қазақстанда орташа айлық жалақы көлемі қанша екені айтылды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, осы кезеңдегі атаулы жалақының орташа арифметикалық мәні 365 502 теңгені құрайды. Елдегі орташа жалақы 2023 жылдың екінші тоқсанында 240 779 теңгені құрады. 

«2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы 2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1 пайызға өсіп, 365 502 теңге болды.

Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні 2023 жылғы II тоқсандағы бағалау бойынша 240 779 теңге болды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді», – деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылғы осы тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі байқалған салалар:

ақпарат және байланыс – 36%;

көлік және қойма – 24,6%;

ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%;

көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 21,8%;

білім беруде орташа айлық жалақының өсуі — 10,2%;

денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 15,6%.

Бірақ нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда төмендеген салалар да бар:

құрылыс – 3,5 пайыз;

тұру және тамақтану қызметтерін көрсету – 2,6%;

білім беру – 4,8%;

сонымен қатар денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 0,1%.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз