Атыраулық Алтынай Төлеген «Бала дауысы» ұлттық байқауына жолдама алды

whatsapp image 2021 09 20 at 18.26.22 Жаңалықтар

Биыл бесінші мәрте өткізіліп отырған «Бала дауысы» ұлттық байқауына жерлесіміз Алтынай Төлеген Emeli Sande «Hurts» әнін орындап, финалға жолдама алды, деп хабарлайды atr.kz

Алтынай 2009 жылы 23 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген. Төрт жасынан бастап  Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда вокал сабағына қатысып келеді. Қазір Д. Нұрпейісова атындағы музыка мектебінің вокал бойынша 3-ші сыныбын бітірді. Бүгін де өнерлі жас көптеген республикалық және халықаралық байқауларға қатысып үлгерді. 

whatsapp image 2021 09 20 at 18.26.43

Алтынайдың ұстазы Мүнира Ижанова шәкіртінен зор үміт күтеді. 

  • Алтынай – болашағынан үлкен үміт күтетін дарынды оқушым. Оның жеңімпаздар қатарынан көрінетініне сенемін, – деді М.Ижанова. 
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз