
ЖаңалықтарМәдениет
Атыраулықтар Түркістан музейінің 40 бірегей жәдігерін тамашалайды
Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл. Атыраулықтар Түркістандағы музейдің 40 бірегей жәдігерін тамашалайтын болады.
«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады. Көрмеге Түркістандағы «Руханият — Әбу Насыр әл-Фараби» музейіндегі 40 бірегей жәдігер қойылды. Олардың арасында «Арыстанбаб» кітапханасындағы кітаптар, әл-Фарабидің трактаттары, Отырардан табылған артефактілер: музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқтар, XII-XIII ғасырдағы тиындар», — деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»