«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» ОНЛАЙН ТИК ТОК БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

image Жаңалықтар

«Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» онлайн тик ток байқауы өз мәресіне жетті. 

Байқауға қатысуға 14 жастар жоғары 7 Атырау қаласы тұрғындарынан өтініш келіп түскен болатын.

Байқау шарттарына сәйкес бейнеролик Тик-Ток форматында түсіріліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мәдениеттілікті қалыптастыру, адалдық ұстанымдарының қамтылуы және «Атырау Адалдық алаңы» жобасының инстаграм парақшасында жарияланып, лайк жинауы міндеттелген болатын. Келіп түскен өтініштердің үздіктерін анықтау үшін комиссия құрамы құрылды. 

Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасының мүшелері ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша депараменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Злиха Таласбекова, «Атырау-Адалдық алаңы» қоғамдық қорының жетекшісі Сәкен Ускенбаев саралап, үздік тик-ток түсірілімін анықтады. 

Қазылар алқасының шешімімен, «Атырау-адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған тик – ток байқауының жеңімпаздары болып:

b8e66728 8276 4c8a abfd 60dc50e01e03

39 ұпаймен 3 орынды – Алия Романова

41 ұпаймен 2 орынды Нұрсая Эльбрусова

43 ұпаймен 1 орынды Райымбек Рахметов анықталды. 

Еске сала кетейік, аталмыш жоба ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен Атырау облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз