Вакцина алған атыраулық бойжеткен шетелге туристік жолдама ұтып алды (+ ВИДЕО)

1 19 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау қаласындағы ірі сауда орталығы ұйымдастырған ұтыстың жеңімпазы анықталды – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Тамаша» сауда орталығы әкімшілігі ұйымдастырған ұтыс 24 маусымда басталды. Ойын шарты бойынша Сovid-19-ға қарсы екпе алғандар лоторея билетін алып, тіркеуден өткен.

Нәтижесінде, құны 500 мың теңгені құрайтын туристік жолдаманы Аида Шайхиева ұтып алды.
– Өте қуаныштымын! Осыдан бір ай бұрын өз денсаулығым үшін вакцина салдырғанмын. Бірак, мұндай тосынсый күтпедім. Ұйымдастырушыларға рахмет – деді, ол

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз