Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...Медицина

Атыраудың медициналық ұйымдарында 7 оттегі станциясы жұмыс істеуде (+ ВИДЕО)

«Атырау облысының медциналық ұйымдарында 7 оттегі станциясы жұмыс жасап тұр», — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Орталықтандырылған оттегі станциясы бұған дейін облыстық перинаталдық орталықтың базасында ғана болған. Былтыр облыстық кардиологиялық орталық, облыстық аурухана, Атырау қаласындағы жаңа модульдік инфекциялық аурухана, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі станциясы  жұмысын бастады. 


Биыл бұл тізімге №2 облыстық аурухананың базасында жабдықталған  станция қосылып отыр. 
  Облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиевтің айтуынша, станциялар автоматты түрде басқарылып, өздігінен оттегі өндіріп отырады.

«Бұған дейін ауруханада дербес оттегі тасымалын жүзеге асыратын нүктелер болған еді. Өздеріңізге мәлім, жаздағы пандемия өршіген тұста оның өзі аздық етті. Сол үшін ауа жетпей қиналған әр науқасқа баллон апарып жәрдемдестік. Соның өзінде үлгермей жатқан кезіміз болды. Ендігі кезекте, ахуал ушыға қалған тұста да баллон қажет болмайды, станцияның қуаты толықтай жетеді»,- деді Ербол Иманғалиев.


Оттегі цехы ауруханадағы кислород тарататын 360 нүктені қамтамасыз етіп тұр. 
Жарық өшіп қалған жағдайда қосымша генератор пайдаланылмайды. Өйткені, станция өз қуаты мен қысымын  үш күнге дейін ұстап тұра алады.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда коронавирус инфекциясымен ауруы асқынып келіп жатқан науқастар жоқ. Оттегі аурухананың жансақтау бөлімінде ғана пайдаланылуда.
 
  Айта кетейік, биылғы жылы мұндай станциялар тағы Индер аудандық ауруханасы мен Құлсары қаласында салынып жатқан модульдік инфекциялық ауруханасында іске қосылады деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button