Атыраудағы Жайық өзенін зерттеу нәтижелері белгілі болды
Atr.kz/22 қараша, 2019 жыл. Бүгін ғылыми бірлестік өкілдері, қоғам белсенділері және БАҚ Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу мәселесі мен салдарын талқылады.
«Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасы» МК бұйрығымен «Антропогендік факторлардың балық ресурстарына теріс әсерін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында азық-түлік ортасының жай-күйін және Жайық өзенінің ихтиофаунаға әсерін бағалау үшін кешенді зерттеулер жүргізу» жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
— Наурыз айында облыс әкімдігі жерілікті бюджеттен Жайық өзенін зерттеу жұмыстарына қаржы бөлген болатын. Осыған орай, балық шаруашылығы басқармасы наурыз айында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс ұйымдастырып, конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС танылды.
Балықтардан сараптама алынып, зертханаларға жіберіліп, зерттеу жүргізілді.Жайық өзеніне байланысты қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — дейді Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.
Зерттеуді «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Физика-биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты» РМК, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы РМК, ҚР БҒМ, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жүргізді. «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» 2019 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Жайық өзенін зерттеді.
— Бұл зерттеулер жартылай зерттелген деп есептеледі. Зерттеу жұмыстарын 2-3 жылға дейін тұрақты түрде жүргізу үшін ұсыныс білдірдік. Сонда ғана біз Жайық өзенінің қандай жағдайда, балық жағдайын ихтиофаунасыны нақты қандай күйде екендігін анықтай аламыз. Қазіргі жағдайда балықтың жағдайы өзгеріссіз. Балықтың түрлері сол күйінде сақталған.
Қазір Жайық өзенінде жағдай қалыпқа түсті. Балықтың жүрісі де жаман емес. Күні бүгінге дейін Жайық, Қиғаш өзендерінен 435 тонна қара балық ауланды. Бұл былтырмен есептегенде жақсы көрсеткіш деп есептейміз,- дейді балық зерттеу – өндірістік орталығы ЖШС Атырау облысы бойынша филиалының зертхана меңгерушісі Кабиева Тыныштық.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі