Атырауда 41 градусқа дейін аптап ыстық болады

5d24182357d53409751020 Жаңалықтар

23 маусым күні күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 41 градус аптап ыстық күтіледі.

Ыстықтан және жылу соққысының салдарынан сақтық шаралары:

 -Көбірек сұйықтық ішіңіз, бірақ құрамында алкоголь, кофеин және қант көп болатын сусындардан аулақ болыңыз.

– Ешқашан адамдарды немесе жануарларды жабық тұрған көлікте қалдырмаңыз.

 -Балаларға қалын киім кигізуге және оларды жылы көрпелерге орауға болмайды.

 -Қарттар, науқастар және көмекке мұқтаж адамдар  қалай сезінетінін жиі тексеріңіз. Егер сізге көмек қажет болса, туыстарыңызбен, достарыңызбен немесе көршілеріңізбен келісіп, олар барлық ыстық кезеңдерде сіздің денсаулығыңызды күніне кемінде екі рет тексерсін.

 -Үй жануарларының суы жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.

 -Таңертең немесе күндізгі күн сәулесі түсетін терезелерді көлеңкелеңіз. Шатырлар немесе перделер үйге жылуды 80 пайызға азайтады.

Егер сіз бөлмеден шықсаңыз:

 -Сыртқа шыққанда кең шляпалар мен жеңіл, бос киім киіңіз; күн сәулесінен қорғау үшін кремді қолданыңыз.

-Жылу соққысының алғашқы белгілерінде (бас айналу, жүрек айну, бас ауруы, бұлшықет спазмы) салқын жерге барып, бірнеше минут демалып, бір стақан салқын сусын ішіңіз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз