Атыраудағы қамыс өртін сөндіруге көрші облыстан тікұшақ көмекке келеді

4cd90a71 5cab 4dc8 adc6 9d4aae937a75 Жаңалықтар

8 шілде күні өрт ошақтарын сөндіруге Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы көмекке келеді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ағымдағы жылғы 8 шілде күні сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің жану аумағы 450 га құрайды. Оның ішінде 50 га көлемінде ашық отпен жануда.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД және «Ақ Жайық» МТР күштері мен құралдары жұмылған.

Қазіргі уақытта қамыс өртін сөндіруде аумақтың  сулы-батпақты болуы қиындық туғызып отыр.


Бүгінгі күні өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 38 қызметкері, 6 бірлік техникасы, «Ақ Жайық» МТР 28 қызметкері және 9 бірлік техникасы, 4 бірлік мотопомпасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

4cd90a71 5cab 4dc8 adc6 9d4aae937a75

Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде сағат 08:19-да  өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз