Жаңалықтар
Атыраудағы оқу орындарында «күдік тудырған сөмке бар» деген хабарлама түскен
Атырау университеті мен қаладағы колледждердің бірінде күдік тудырған сөмке бар деген хабарлама түскен.
Атырау облысы полиция департаментінің айтуынша, хабарламаны тексеру үшін ғимараттардағы адамдарды эвакуациялап, тексеру жүргізген.
Хабарламаның жалған екендігі анықталды. Қазіргі тергеу амалдары басталып кетті.
Айта кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.