Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов аралас жекпе-жек шебері  Шавкат Рахмоновты қабылдады

Кездесуде Серік Шәпкенов Шавкат Рахмоновты жақында Лас-Вегас қаласында өткен UFC турниріндегі жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ алдағы уақытта биік белесті бағындыра беруіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

—  Қазақ хас өнері мен спортының алтын бесігіне айналған қасиетті Атырау жеріне қош келдіңіз! Шыбықты ат қып мінген шақтан спортты жаныңызға серік қылып, ел алдында серт ұстап, көк байрағымызды әлемдік додада асқақ желбіретіп жүрсеңіз, оның тамырында – туған елге деген асқан сүйіспеншілік жатыр.Ең бастысы, Сізге қарап бой түзейтін қазақ жастарының үлкен керуені бар. Сол дүрия дәуренді көштің сапары оңынан болғай. Сізге зор денсаулық, мол бақыт, үлкен табыс тілеймін, деді С. Шәпкенов.

Шавкат Рахмонов арнайы қабылдаған облыс әкімі Серік Шәпкеновке алғысын білдірді. Өзіне сенген қаймана қазақтың үмітін ақтап, ел мерейін асқақтату үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button