
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атыраудағы науқастардың жағдайы қалай?
Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. Дертке шалдыққан үш науқастың да жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Түркиядан келген алғашқы науқастың дене қызуы — 38,4 °. 20 жастағы жігіттен аурудың басқа белгілері байқалмайды.
37 жастағы ер адамның жағдайы да қанағаттанарлық, температурасы — 37,2 °, ауру симптомсыз өтуде.
28 жастағы әйелдің денсаулығы қалыпты. Науқастың дене қызуы — 36,9 °, жөтел, кеуденің ауырсынуы мен тыныс алуында қиындықтар бар.
Дәрігерлер үш науқастың ауру ағымы орташа дәрежеде өтіп жатқанын хабарлады.