Атыраудағы көрмеде жейделер 10 мың теңгеден сатылуда (ФОТО)

IMG 1917 Жаңалықтар

Атыраудағы «River Palace hotel» қонақ үйінде отандық дизайнерлердің «Popshopatyrau» киім үлгілері мен қолөнер бұйымдарынан көрме өтуде.

IMG_1917

Сәннің соңғы жаңалығын қалт жібермейтін сәнқойлар үшін бұл жақсы жаңалық. Оның үстіне аталмыш көрме Елбасының «Руxани жаңғыру» мақаласына орайласып ұйымдастырылған. Жобаның ұйымдастырушысы Виктор Полозковтың айтуынша, мұндай атаудағы көрме Атырауда алғаш рет өтіп отыр. Бұрынғы көрмелерден айырмашылығы коммерциялық бағытта емес, арадағы делдалсыз, алып сатарларсыз Алматы мен Астананың белгілі дизайнерлері өздері тіккен киімді әкеліп отыр. Нарықтағы киім құнымен салыстырғанда орташа бағаға келеді. Мәселен, жейделер 10,12,18 мың теңге, ал көйлектер 25 мың теңгеден басталады. Қазақстандық онға жуық брендтік киім үлгілері қойылған. Көрме жұмысы 3 қыркүйек күні кешкі сағат 22.00-ге дейін жалғасады.

2017-09-02-PHOTO-000000092017-09-02-PHOTO-00000008

2017-09-02-PHOTO-00000010

2017-09-02-PHOTO-00000013

2017-09-02-PHOTO-00000017

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз