Елімізде пойыздардың бағыты мен жүру кестесі өзгереді

72679500 806066259828042 6605120742981894144 n Жаңалықтар

Atr.kz/11 қараша, 2019 жыл. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019-2020 жылдарға арналған жаңа кестенің шығуына байланысты 2019 жылдың 8 желтоқсанынан бастап төмендегі жолаушы пойыздарының бағыты өзгереді…

– №375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағытында қатынайтын пойыз «Өскемен-1» болып, облыс орталығының станциясына дейін қысқарады.

– №85/86 «Нұр-Сұлтан–Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» атауының орнына «Нұр-Сұлтан – 1» болып өзгереді.

– №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» атауы «Нұр-Сұлтан-1» болып ауысады.

Жаңа кесте бойынша, №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» бағытындағы пойыз күн сайын жүретін болады.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалдайтын 6 пойыздың нөмірі өзгеретін болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан кесте бойынша ақпарат алу үшін біртұтас анықтама қызметінің 105 нөміріне хабарласып анықтауын өтінеді.

Дереккөз: Atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз