Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯШаһар шырайыҚоғам

Атыраудағы ауылдық округтерге – жаңа автобустар

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Ауылдық округтерді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету – басты назарда. Қайыршақты, Ақсай округтеріне 4 жаңа автобустар қатынайтын болады деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Қайыршақты және Ақсай округі әкімдерінің тұрғындары алдындағы есебі кезінде Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаев мәлімдеді.

Екі округ әкімдерінің тұрғындары алдында есеп беруі кезінде округтердің даму қорытындылары баяндалды.

Округ әкімдері өз кезегінде барлық салалар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатырғанын мәлімдеген болатын.Жиында сөз алған ауыл тұрғындары округтегі өздерін толғандырған мәселелерімен бөлісті. Атап айтқанда жарықтың ажыратылуы, шаруа қожалықтарының жер телімдерінің мәселелері, қоғамдық көліктің ескі екендігін және оның жүру кестесіне наразылықтарын білдірген болатын.

Өз кезегінде Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаев қоғамдық көлік мәселесіне қатысты:

— Округ әкімдерінің есебіне дейін 4 округ әкімдерін қабылдап, мәселелерімен танысып үлгердім. Қоғамдық көлік мәселесі біртіндеп шешіледі, биыл қоғамдық көліктердің қатарын 170 жаңа автобуспен толықтыру жоспарлануда. Жауапты басшыларға тапсырма бердім, № 53 маршрут, 4 дана 25 орындық Анкай автобустарымен жаңартылды, енді Қайыршақты және Ақсай округтеріне қатынайтын болады» деп мәлімдеді.

83192378 189708715756116 3638669337956450304 o
83007227 189708812422773 2211988666601963520 o
83103382 189708849089436 505983723410292736 o
83308400 189708762422778 4961194836179812352 o

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button