Атырауда жұмыссыз азаматтарды жұмысшы мамандықтары бойынша оқуға іріктеу басталды
Қысқа мерзімде оқытудың I кезеңінде 94 адам 4 мамандық бойынша оқуын бастады. Қазір II кезеңге іріктеу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
–Биыл «Теңізшевройл» компаниясымен 250 адамды оқыту жоспарланды. Шілде айында 94 жұмыссыз оқуын бастап, оның ішінен 32-сі мамандық сертификатын алып шықты. Қазір басқарма мамандары барлық ауданды аралап, ІІ кезеңге іріктеу жүргізуде. Үміткерлер металлконструкцияларды дәнекерлеуші, БӨАжА монтаждаушы, электрмонтаждаушы, құбырмонтаждаушы мамандықтары бойынша кәсіптік білім ала алады, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымов.
Айта кету керек, кәсіптік оқыту облыс әкімдігі мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында бекіген келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Осыған орай, жыл сайын 250 жұмыссыз оқытылады. Былтыр жұмысшы мамандықтары бойынша білім алған 250 адамдың 85 пайызы жұмысқа орналасқан.
Сурет: egemen.kz