Астана күнінде ауа райы қандай болады?

268e6fe0753b6f3a5caf9e0a8b716044 Жаңалықтар

Синоптиктер 2018 жылдың 5-8 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жасады.

268e6fe0753b6f3a5caf9e0a8b716044-900x_

«Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына батыстағы аптап ыстыққа байланысты антициклон жылжиды. Сондықтан, алдағы демалыс күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс өңірінде ауа райы ыстық, жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы плюс 30…38°С дейін, орталық және орталық-шығыс облыстарда плюс 40…43°С дейін жоғарылайды», – делінген хабарламада.

Ал, батыс облыстарға атмосфералық ауа ағындары жылжып, кей жерлерде найзағай ойнап, екпінді жел соғады және өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30…36°С дейін, Маңғыстау облысында 40 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз