Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯШаһар шырайы

Атырауда жолдар мен көшелер кеңейтілуде (+ФОТО)

Atr.kz/15 тамыз, 2019 жыл. Атырау әкімі қала көшелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының барысын тексерді.

Әлимұхаммед Құттұмұратұлы облыс орталығындағы жол-көлік инфрақұрылымының құрылыс барысымен танысты,деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда орталық қала көшелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бүгін күрделі жөндеу жұмыстары — Бейбарыс даңғылы, Құрманғазы көшесі, Уәлиханов көшесі, Гагарин көшесі, Ғұмаров көшесі және С. Датов көшелері бойынша жүргізілуде. Жасалып жатырған жолдың жалпы ұзындығы 20 шықырымнан асады.

68752023 872575766458241 3784909345137885184 n
68379552 872575876458230 969282180637261824 n

«Атырауинждорстрой» ЖШС бас инженері Азамат Нысанбайдың айтуынша, бүгінгі таңда жолдарды қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Мәселен, Бейбарыс даңғылы қазіргі уақытта 15% жөнделді, ағымдағы жылы көлік жолының 60% — ын аяқтау жоспарланған. Ал, қалған жұмыстар келесі жылы жалғасатын болады.

— Бұрын жолдың жалпы ені 9 метр болған болса, бүгінгі күні ол 15 метрге дейін кеңейтіліп, төрт жолақ болады. Сондай-ақ, жолда көліктердің бұрылуы үшін бұрылыстар қарастырылған, бұл қосымша негізгі жолаққа жанасқан 2 жолақты салуға мүмкіндік берді. Егер бұрын жол жамылғысының қалыңдығы 10 см болса, қайта жаңартудан кейін асфальт қалыңдығын 30 см дейін ұлғайту көзделген, — дейді Азамат Нысанбай.

69040781 872575706458247 4024187122863833088 n
67955102 872575613124923 2874153640166162432 n

Жұмыс аяқталған соң осы көшеде көлік кептелісі толығымен шешіледі, бұл Атырау мен ауыл тұрғындарының «Дина»базарына оңай жетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Бейбарыс даңғылындағы тротуар жанынан жалпы ұзындығы 10 шақырым болатын веложолы салынуда. Жоба бойынша ол әуежай жолында орналасқан велосипед жолына қосылатын болады.

Сондай-ақ, жұмыс тобы Уәлиханов және Құрманғазы көшелерінің жолдарын жаңарту жобасымен танысты. Бүгінгі күні Уәлиханов көшесі бойынша 60% жұмыс орындалды. Құрманғазы көшесі бойынша қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары 50% орындалды.

68244639 872575526458265 5243215149183008768 n
69068170 872575579791593 8380530227373146112 n

— Бұл жобалардың жүзеге асуының арқасында. жол кептелісі болмайтын болады. Сонымен қатар, жол-көлік апатының саны азаяды, өйткені жол төсемінің сапасы бірнеше есе жақсарады. ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын. Өз кезегінде жауапты мердігер мекеме басшылары жобаны іске асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануы тиіс,деп тапсырды Әлимұхамммед Құттымұратұлы.

Айта кетейік,жоба бойынша көшені қайта жаңғырту мен кеңейтуден бөлек, жаңа аялдамалар, тұрақ орындары, дренаждар мен бағдаршамдар орнатылатын болады. Сонымен қатар, көшені жарықтандырып, жасыл желектер отырғызылады.

68735259 872575349791616 1367255967703498752 n
67889427 872575403124944 6483031070617894912 n
67951037 872575499791601 3170871868127182848 n

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button