Атырауда жергілікті билік шырша сатып алуға қаржы жұмсамау туралы шешім қабылдады
Atr.kz/19 желтоқсан, 2019 жыл. Үш жыл қатарынан мұнай астанасының орталық алаңы 2017 жылдың соңында сатып алынған шыршамен безендірілмек, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ағымдығы жылы Атырауда жаңа жылды атап өту үшін 6 жер анықталды: Исатай-Махамбет және Д. Нұрпейсова атындағы алаңда, Нұрсая және Балықшы ықшам ауданында, М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрымен Құрманғазы мәдениет сарайының алдында орнатылатын болады.
— Қаланың көркін келтіру мақсатында тұрғындар көп шоғырланған жерлерге кіші архитектуралық кескіндер орнатылады. Жалпы, қаланы жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 18 миллион теңге бөлінді , — деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, биыл жергілікті билік жаңа жылдық шыршаны сатып алудан бас тартты. Үшінші рет, 2017 жылдың соңында алынған жаңа жылдық шырша орталық алаңға орнатылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік шаралар 31 желтоқсанда Исатай-Махамбет алаңында өтеді.Мерекенің басталуы 20.00-ге жоспарланған.