Ортақ мүдде, тиімді шешім

 Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның батыс өңіріндегі Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарынан өндірілген мұнайды құбырмен Ресейдің Новороссийск қаласы арқылы Қара теңізге шығаратын халықаралық «Каспий тұрба құбыры консорциумына» (КТК) бас директорлық қызметке тағайындалған Николай Горбаньды қабылдады.

 Аймақ басшысы алдымен мейманды жаңа қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына табыстар тіледі. Нұрлан Асқарұлы мұнай құбыры желісі арқылы 67 млн. тонна «қара алтын» жөнелту межесінің соңғы нәтиже емес, өндірістік жоспарлардың бұдан да жоғары болатындығына сенімді екендігін айтты.

– Біз өз тарапымыздан мұнай айдаушыларға қолданыстағы заңдар шеңберінде барлық қолдау көрсетуге әзірміз. Болашақта жергілікті атқарушы орган мен компания басшылығы өзара түсіністікпен, ынтымақтаса әрекет етіп, ортақ мүддеге сәйкес қос тарапқа да тиімді шешімдер қабылдайтындығына сенемін, – деді облыс әкімі. «Каспий тұрба құбыры консорциумының» бас директоры Н.Горбань компания үшін мұнайлы өңірдің маңызды екендігін айта келіп, кеңейту жобалары аяқталғаннан кейін жұмысшы-қызметкерлердің жаппай қысқартуы болмайтындығын, жергілікті кадрларды қолдау мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылатындығын мәлімдеді.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз