АЙҚЫН МАҚСАТ ЖОЛЫНДА

29 қаңтарға белгіленген «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезіне Атырау облысынан 24 делегат қатысатын болды.  Делегаттардың тізімі партияның облыстық филиалының саяси кеңесі отырысында бекітілді.

 

Жиынды жүргізген облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ұйымның кезектен тыс съезінің негізінен наурыз айында өтетін саяси науқанға арналатындығын жеткізді. «Алда Парламент Мәжілісінің және жергілікті деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді. Біздің мақсатымыз – лайықты кандидаттарды ұсынып, сайлаудың өтуіне белсенді атсалысу» деп атап айтты ол.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз