Атырау облысы COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті

0 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 26 қазан – 1 қараша  аралығында шетелден Стамбул-Атырау,  Амстердам-Атырау бағытында 3 әуе рейсі ұшып келді. 


Халықаралық әуе рейспен  барлығы 240 адам келді. Олардың 4-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылған. 


Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды. Зерттеу нәтижесінде жолаушылардың ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді. 

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз