Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жер телімін беру уақытша тоқтатылады

Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді.

– Құрметті қала тұрғындары! Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, Қайнар тұрғын үй алабынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жер учаскелеріндегі инженерлік желілерді ұрлау фактілерін алдын алу мақсатында Атырау қаласы әкімдігімен Атырау қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі 28 ші отырысында “2007 жылы жер кезегіне тұрған азаматтарға Қайнар тұрғын үй алабынан жер учаскелерін беру” туралы ұсыныс берілген болатын. Ұсыныс мақұлданып, аталған тұрғын үй алабындағы барлығы 530 жер учаскесі 2007 жылы жер кезегіне тұрған азаматтарға 2024 жылдың 1 қазанынан бастап 2025 жылдың 12 наурызына дейін толық табысталды.
Осыған орай, Атырау қаласының әкімдігі 2025 жылдың 13 наурызынан бастап 2007 жылы жер кезегіне тұрған азаматтарға жер учаскелерін табыстау жұмыстарының уақытша тоқтатылғандығын қаперіңізге бере отыра, алдағы уақытта басқа да тұрғын үй алаптары дайын болып, инженерлік желілері толық жүргізілгеннен кейін жер учаскелерін табыстау жұмыстары қайта жалғасатындығын хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Бек АЙДАРӘЛИ

Сурет: ru.freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button