Жылыой ауданында «Атырау-Ақпараттың» Кубогі үшін футболдан облыстық турнирге іріктеу басталды (ФОТО)

ФУТБОЛ 182 Жаңалықтар

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан облыстық турнирге Жылыой ауданында іріктеу кезеңі басталды.

ФУТБОЛ 193

Турнирдің ашылу салтанатында алдымен Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимні шырқалды.

ФУТБОЛ 164

Шағын футбол турнирін тамашалау үшін аудан тұрғындары мен команда жанкүйерлері алаңға ерте жиналды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сансызбай Баймұратов пен аудандық «Кең Жылой»» газетінің бас редакторы Сәулеш Шәтеновалар сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

ФУТБОЛ 182

Жасыл алаңға «Медина», «Геолог», «Қамыскөл», «Асылжан», «Ембі», «Қосшағыл» командалары шығып, ойынды бастап кетті.

ФУТБОЛ 201

ФУТБОЛ 198

ФУТБОЛ 263

ФУТБОЛ 243

ФУТБОЛ 214

Жеңімпаз команда облыстық турнирге жолдама алатын болады.

Перизат ҚИЗАТОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз