Атырауда жасөспірімдер төбелесіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
«Әлеуметтік желілерде Атырау қаласы білім беру ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған 5 жасөспірімі топтасып төбелесіп, 8 — сынып оқушысын ұрған бейне видео тарады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған бейнежазбаны полиция қызметкерлері тексерді. Жағдайды жәбірленуші тараптың анасына хабарлаған.
Оқиға 12 сәуір күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Владимирский көшесінің бойында орналасқан интернат-мектебі ғимаратының артында орын алған.
Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысқан 5 жасөспірім, оның ішінде 4 мектеп оқушысы мен 1 колледж студентінің үстінен ҚР ҚК-нің 293 бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан бөлек, жауапқа тартылған жасөспірімдер оқитын білім беру ұйымдары басшыларынан түсініктеме алынды.
Ал жәбірленушіге психологтің көмегі көрсетіліп жатыр.