Бұл күні тарихта қандай оқиғалар орын алғанын білесіз бе?

20190125161252 Жаңалықтар

ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 26 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынды. 26 қаңтар. CЕНБІ:

20190125161252

Кеденшілердің халықаралық күні 1983 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мерекені бүкіл әлемде 800 мың адам тойлайды.

1950 жылғы желтоқсанның 15-інде Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенцияның негізінде Бүкіләлемдік кеден ұйымы (WCO) құрылды. Бүгінде ұйымға 162 мемлекет мүше. Дүниежүзілік экологиялық білім беру күні Қазіргі таңда әлемде экологиялық білім беру мәселесінің өзекті болып отырғаны соншалық, Дүниежүзілік экологиялық білім беру күні жылына бірнеше рет атап өтіледі. Экологиялық білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс бұл күнді 14 қазанда атап өтуді ұсынса, көптеген басқа экологиялық ұйымдар оны 26 қаңтарда атап өтеді. Экологиялық білім беруді дамытудың басты қозғалтқыш күші – БҰҰ-ның қоршаған орта проблемаларына арналған конференциясы кезінде қабылданған Стокгольм декларациясы.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1981 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Сәулетшілері – О.Баймырзаев, А.Қайнарбаев, М.Жақсылықов (жоба авторлары 1982 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды). 1992 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хат алмасу рәсімі өтті. 1996 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы ресми өтінім жасады. Осы жылдың ақпан айында Қазақстан ДСҰ-ның бақылаушы елі деген мәртебесіне ие болды. 2010 жылы жамбылдық оқушы Богдан Загрибельный Сауд Арабиясында өткен Дүниежүзілік балалар форумында әлем Елшісі атанды. Богдан Загрибельный шақыруды Индонезия, Сингапур, Малайзия, Америка Құрама Штаттары және басқа елдердің балалары сияқты Сауд Арабиясының королі Абдалла ибн Әбдел Әзизден алды. Бұған дейін тараздық оқушы Корольдікте ұйымдастырылған Дүниежүзілік өнер олимпиадасының жеңімпазы болды. Богдан – 11-14 жас аралығындағы қатысушылардың өнер саласындағы білім проблемаларын талқылайтын беделді балалар форумында Қазақстан Республикасының жалғыз өкілі болған. 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» атты көптомдық басылым жарыққа шықты. Оны Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұд Қасымбеков бастаған шығармашылық топ дайындады. 2013 жылы Германияның Бохум қаласында «Белгісіз Қазақстан» – Азия жүрегінің археологиясы атты тақырыптық арнайы көрме ұсынылды. 2014 жылы Алматыда еліміздің 8 жетекші жоғары оқу орны ректорлар консорциумын құрды. Оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Халықаралық бизнес академиясы мен КИМЭП, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Гуманитарлық Заң университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті бар. Консорциум негізінен жоғары оқу орындарындағы болондық жүйенің іске асуын қамтып, оқу барысына инновациялық әдістердің енгізілуін қадағалайды. Әрі студенттерге ғылымға бет бұрып, түрлі тренингтерге қатысуға мүмкіндік береді. 2015 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалi тағайындалды. Мерекелік медальмен елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.

2015 жылы Талдау орталықтарының 2014 жылғы Дүниежүзілік индекс-рейтингісіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер инстутиты Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азияның жетекші «ақылды» орталықтарының үштігіне кірді.

2016 жылы Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Республикалық көркемөнер галереясының тарихи ғимаратында қазақстандық жетекші суретшілердің «Қазақстанның қазіргі заманғы өнері» атты картиналар көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.

2018 жылы Шымкентте Литва Республикасының Құрметті консулдығы ашылды. Литваның Шымкент қаласындағы құрметті консулы болып Мамадияр Қадырбеков тағайындалды. Дипломатиялық өкілдікті ашу мақсаты – екіжақты іскерлік байланыстарды жақсарту, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту.

2018 жылы Н.К.Крупская атындағы Астрахань облыстық ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларының аудармалар жинағы таныстырылды. Кітаптың авторы Юрий Щербаков қазақ ақындарының әдеби аудармасымен бұрыннан айналысып жүр. Ол халықаралық «Ақ Тырна» атты түркітілдес поэзия байқауының, көптеген басқа халықаралық және бүкілресейлік байқаулар мен әдеби жүлделердің лауреаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз