Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда өртенген пәтерден 6 адам құтқарылды

Өрт сөндірушілер өрт кезінде 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.

24 қаңтарда сағат Атырау қаласы № 18 мекен-жайында орналасқан  бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатынан өрт шыққаны жатырғаны жөнінде шақырту түскен.

Өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде, 2-қабаттағы пәтердің 30 шаршы метр аумақта ашық отпен жанып жатқаны анықталды.

«Атырау облысы ТЖД өрт сөндірушілері автосатырдың көмегімен және баспалдақ арқылы 5 қабаттан жедел түрде 6 адамды оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт салдарынан 1969 ж.т пәтер иесі азаматша К.Б. және 1964 ж. т. азаматша К.Ж. күйік алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. (дене күйіктері нақтылануда).  Өрт сағат 17:44-те жойылды» — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер өртті жедел ауыздықтап, көрші пәтерлерге өрттің таралуына жол бермеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button