Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жаңа әскери қалашық бой көтерді (+фоторепортаж)

Түрлі сын-қатерлерге қарсы тұрар қабілетке ие күштер қатарына аумақтық қорғаныс әскерлері де кіреді. Осы орайда Атырау қаласында 99245 әскери бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Аталған бөлім әкімдіктер мен жергілікті әскери басқару органдарымен бірге жұмылдыру резервін дайындау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Әскери қалашықтың ашылуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғауды және аумақтық қорғанысты материалдық-техникалық құралдарымен қамтамасыз ету қызметі» КММ басшысы Сәбит Сагидуллин және 99245 бөлімінің офицерлері қатысты.

Генерал-лейтенант жаңа модульдік типті ғимараттың инфрақұрылымымен танысты. Мұнда жауынгерлердің күнделікті қызметіне қажет оқу-жаттығу бөлмелері, медпункт, асханасы мен жатақханасы, арнайы техникалар бар.

99245 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс бригада командирі, полковник Нұржан Даутовтың айтуынша, аумақтық қорға­ныс бөлімшелеріне тіркелген әскери мін­дет­тілердің, яғни запастағы офицерлер мен сержанттардың әскери жиын­да­ры дәстүрлі түрде өтеді. Бейбіт уақытта бұл әскерлер ел ішінде болып жат­қан кез-келген келеңсіздіктің алдын алу­ға жұмылдырылады. Мәселен, олар су тасқыны қаупі кезінде жаға бекіту жұмыстарына қатысты. Негізінде әскери мін­дет­тілер жылына екі рет теориялық және тәжірибелік оқудан өтеді. Олар он күн бойы кәсіби нұсқаушылардың жетек­шілігімен әскери машықты нығай­тып, қару-жарақ және техникамен жұ­мыс істеу дағды­ларын жетілдіреді.

Толығырақ «Атырау» газетінен оқи аласыздар.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button