Индер ауданындағы оннан астам сиырдың өліміне қатысты түсінік берілді

20160723002143 Жаңалықтар

«Мал өлімі дерегі 18 қараша күні Жарсуат ауылдық округінде тіркелген. Ресми мәліметке сәйкес, өлген мал саны 13» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Индер ауданы әкімдігі тарапынан жергілікті ауыл шаруашылығы мамандарымен бірлескен жедел-зерделеу тобы құрылды. Өлген малдан бөлек, тағы 10 бас малдың ауырып тұрғаны анықталды. Ауырған жануарларға  қажетті ем шара  көрсетілуде.

Алдын-ала болжам бойынша, мүйізді ірі қара малы осы ауыл аумағында тіркелген бау-бақша дақылдарын егумен айналысқан шаруа қожалығына тиесілі аумақта жайылып, күпті болып қалған.
Қажетті зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында  өлген малдың ішкі құрылыстары облыстық мал дәрігерлік зертханасына жолданды. Қорытынды 1 апта мерзімде  анықталады. Сараптама  белгілі болғаннан кейін, тиісті шаралар қабылданады» – дейді Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз