Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда он жасар бала өзенге құлап, өлім құшты

Аtr.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі шығарылды.

«Қайғылы оқиға 27 мамыр күні түс қайта болған. Жайықтың жағасында ойнап жүрген он жасар бала бетон тосқауылдан өзенге құлаған. 2007 және 2010 жылдары туған екі досы оны құтқармақ болады. Өкінішке қарай бала суға батып кеткен. Оның денесі өзеннен шығарылды», — деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Баланы іздеуге жалпы 14 құтқарушы, 4 техника, 1 жүзу құралы, сондай-ақ полиция департаментінің 10 қызметкері жұмылдырылған.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button