Атырау көшелеріне жаңа атаулар ұсынылды

ab6e40c2 5e3b 4a1c 964a 0e6ca16551cc Жаңалықтар

      Бүгін Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қала көшелеріне жаңа атаулар беру, кейбір шағын аудандар мен көшелердің көнерген атауын жаңасымен алмастыру бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

      Қоғамдық тыңдауға қоғам қайраткері Нұрпейіс Мақашұлы төрағалық етті. Ол Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне  еліміз бен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағынан өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан түрлі сала майталмандары, еңбек және соғыс ардагерлері – Салық Зиманов, Бисен Саппаев, Борис Матвеев, Ақырап Ахмиров, Берік Қорқытов, Ысқақ Өтеғалиев, Жәрдем Кейкин, Олжағали Сұлтанғалиев, Мұхамбетқали Сужиков, Муса Тікенбаев, Жәлен Төленовтердің есімдерін көшеге беру жөнінде ұсыныс түскенін айтты.

      Өз кезектерінде сөз алған Рәшила Мүрсәлиева, Қойшығұл Жылқышиев, Болат Қожиев, Төлеген Берішбай, Құлшарап Шомаев, Қуаныш Юсупов, Назарбек Қосшиев көшеге есімдері берілуі ұсынылған адамдар жайлы өз пікірлерін білдіріп, басқа да ұсыныстарын жеткізді.

     Қоғамдық тыңдауда айтылған ұсыныстың бәрі ескеріліп, жоғары органға жолданады.

      Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз