Атырау көшелеріне 5154 көшет отырғызылады

img 20200420 wa0054 Жаңалықтар

Аtr.kz/20 сәуір, 2020 жыл. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Атырау қаласын көгалдандыру жұмыстары басталды – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында «Атырау қаласын көгалдандыру» жобасы бойынша 5 жылға жоспарланған жұмыстар басталды. Нақтырақ айтқанда, аталған жоба шеңберінде, жыл сайын  қаланың орталық көшелеріндегі  саябақ пен алаңдарда өсіп тұрған 53 мың дана жасыл желектерді күтіп ұстау, 12 мың шаршы метрге гүл егу және жыл сайын 5154 жас көшет  отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған жасыл желектер зянкестерден қорғалады

Бұдан бөлек, карнатин режимі аяқталған соң, қала әкімдігінің қолдауымен 20 мың дана жас көшет сатып алынып, ауылдық округтерде отырғызу көзделіп отыр. Сондай-ақ, биыл 23 мың шаршы метрге дейін жасыл-көгал төселеді. Бүігнде, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тарапынан ашық конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталды.

– Олар, қазіргі уақытта жер өңдеу жұмыстарын бастап кетті. Ал, негізгі жұмыстар мамыр айында басталады. Айта кетейік, жасыл –көгал төсеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Қаланың қайта жаңғырған орталық көшелерін көркейту үшін бұл жұмыстарды жалғастыруды жөн көрдік. Биыл, жасыл-көгал облыс және қала  әкімдігінің аумағына, Азаттық даңғылының Абай көшесінен Әуезов көшесіне дейін және Владимирский мен Құрманғазы көшелерінің аралығына егіледі – дейді, бөлім мамандары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз