Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда зауыт жұмысшысы жүк көлігінің астында қалды

Кісі өліміне әкеліп соқтырған қайғылы оқиға 12 маусым күні, Теңіз кенішінде болған.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда Жылыой ауданында адам өліміне соқтырған еңбек қағидаларын бұзу фактісі тіркелді.

«12 маусым күні сағат 17.00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында орналасқан үйілмелі топырақ қасында жүк тасымалдау автокөлігінің 1987 жылы туылған жүргізушісі сол мекеменің 1992 жылы туылған қызметкерін көлікпен басып өткен. Жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан.


Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бап, 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button