Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Атырауда тағы да балық өлімі тіркелді

Атырау облысы Байшақа учаскесіндегі суару-суландыру жүйесінде балық өлімі тіркелді, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

​2021 жылғы 10 тамыз күні Атырау-Астрахань тас жолының оң жақ бетінде 16 разъезд ауылының тұсындағы Байшақа учаскесіндегі суару-суландыру жүйесі арнасында балықтардың қырылу фактісі анықталды.

Суландыру-суару жүйесі «АтырауСушар» РМК балансында. Жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен барлық мүдделі органдар хабардар етілді. 

«АтырауСушар» РМК-мен өлген балықтарды жинау және санитарлық нормаларды сақтай отырып жою ұйымдастырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button