Жаңалықтар

Атырауда SOS батырмалары іске қосылды

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету заманауи технологияларды пайдалануды қажет етеді. Осы бағытта заманауи цифрлық технология көмегімен полиция қызметкерін шұғыл шақыру үшін SOS дабыл батырмалары іске қосылды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Бұндай құрылғы қандайда бір келеңсіз немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде SOS батырмасын басу арқылы автоматты түрде Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бейнежазба және аудио динамиктерімен дереу байланыс орнатуға көмектеседі. Бүгінде Атырау қаласында тұрғындар көп шоғырланатын 16 аймақта батырма жұмыс істеп тұр.

Батырмалар төмендегі мекен-жай бойынша орналасқанын және кез-келген қиын жағдайға тап болған адам ойланбастан бұл арқылы полиция қызметкерлеріне тікелей байланыса алатынын қаперге береміз:

1. Қ.Смағұлов көшесі “Санаторий” Жайық жағалауы;

2. “Ақжайық” қонақ үйінің алдында;

3. «Авангард» шағынауданындағы соңғы аялдама;

4. Қалалық Әкімшілік ғимараты;

5. «Балықшы» шағынауданы (Halyk Bank ғимаратына қарама-қарсы);

6. Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайы;

7. Мұса Баймұханов көшесі, 48 үй (“Ас болсын” асханасы тұсында);

8. “Атырау” сауда орталығы;

9. Теміржол вокзалы;

10. Абай-Махамбет көшелерінің қиылысында ( Махамбет Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театры);

11. Амандосов-Сатылбалды көшесі («Алмагүл»шағынауданы);

12. Әуезов-Азаттық көше қиылысында көлік тұрағы тұсында;

13. Берғалиев-Баймұханов көше қиылысында “Лидер” супермаркеті тұсында;

14. «Көктем» базары тұсында;

15. «Тұрғындар қалашығы» аялдамасы;

16. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button