Жарнама
Жаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ ЖАС ӘНШІ «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ. БАЛАЛАР» ЖОБАСЫНЫҢ ІІ МАУСЫМЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Атыраулық Нұршат Құсанова «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының ІІ маусымында жеңіске жетті, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған ең үздік вокалдық жобаның бұл шығарылымында жерлесіміз Нұршат Құсанова жеңімпаз атанды. Оған Жұбаныш Жексенұлы тәлімгерлік етті. Музыкалық телешоудың екінші маусымына ел ішінен және алыс-жақын шетелдерден 6 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Онлайн іріктеу арқылы ең талантты қатысушылар сахнада өнер көрсетті. Ауқымды жоба көрерменмен жаңа маусымға дейін қоштасады.
Айта кетейік, «Qazaqstan дауысы. Балалар» музыкалық мегажобасы — әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген әйгілі «The Voice. Kids» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Байқауға 8-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Музыкалық байқау жалпы төрт кезеңнен тұрады.   

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button