Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда салалық журналистика мәселелерін талқылауға арналған республикалық семинар басталды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен “Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері” тақырыбындағы республикалық семинар өз жұмысын бастады. Маңызды іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдерімен қатар, болашақ журналистер де қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.

5e9dbf9c ac7c 4929 899f 1db85f0ab5db 1

Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахметовтың айтуынша, елімізде 6 мыңдай БАҚ тіркелген болса, олардың 90 пайызы жеке ұйымдар болып табылады. Министрлік өкілі өз баяндамасында биыл қабылданған Масс-медиа туралы заңның негізгі ережелерін түсіндірді. Әсіресе, мемлекеттік органдардың журналистердің сауалына жауап беруі, төтенше жағдай кезінде жедел мәлімет ұсыну мәселелері кеңінен қамтылды.

e654fcd9 5886 487c bf85 3c4db93d2913 1

Сондай-ақ, белгілі журналист Әбілхан Төлеуішов журналистердің мәртебесі әлі күнге анықталмаған атап айтты.
Ал, “Ембімұнайгаз” АҚ қоғаммен байланыс тобының жетекшісі Ғалия Қаражанова баспасөз қызметінің жаңа тенденциялары туралы баяндады.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button