2019 06 14 62610208 141002130411810 7952587867912404992 o

Атырауда экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жаңалықтар Саясат Құқық

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Бижанов Қайрат Жақияұлы тағайындалды.

Бұл туралы Экономикалық тергеу департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.

«Қайрат Жақияұлы Бижановтың кандидатурасы Президенттік резервтен ұсынылды және ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісілді», – деп жазылған. 

Қайрат Жақияұлы Қостанай облысының тумасы. Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Құқық қорғау органдарындағы жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам қаржы полициясында, прокуратура органдарында, оның ішінде 16 жыл Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында басшы лауазымдарда жұмыс атқарған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған