Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Атырауда республикалық қобызшылар сайысы қорытындыланды

Atr.kz/20 қараша, 2019 жыл. Екі күн бойы атыраулықтарды сонау Қорқыт бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан халқымыздың қасиетті қобызының қоңыр үніне тәнті еткен еліміздің мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкері, өңірдегі кәсіби қобызшылар мамандығының  негізін қалаушы Раушан Нұрпейісова атындағы ІІ республикалық қобызшылар конкурсы қорытындыланды. Кеше Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өтті.

Ең үздік орындаушылық шеберлігі үшін бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласынан қатысушы Гүлнұр Саргизова жеңіп алды. Атыраулық Айжарқын Темір мен нұрсұлтандық  Индира Жандашева бірінші орынмен марапатталды. Ал, елордалық Наргиз Бақтығалиева мен Гүлім Атошева және алматылық Нұрайсұлу Талғатова – екінші орын жеңімпаздары. Үшінші орынға Ақтөбе қаласынан келген Гүлсезім Аманқос, павлодарлық Айым Мейірханова және Нұр-Сұлтан қаласынан қатысқан Әлия Сали ие болды.

Атыраулық Димира Өтесін арнайы жүлденің иегері атанды. Барлық жүлдегерлерге қаржылай сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ, бірқатар қатысушы дипломант атанып, Алғыс хаттарға да ие болды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

  • Раушан Түсіпбекқызы – біздің Атырау топырағында ең алғаш прима қобызды игеріп, соңынан тұтас буын тәрбиелеген ұстаз. Жұбайы Сейілхан Құсайыновпен бірге аймақтағы алғашқы оркестрдің іргесін қалап, буынын бекіткен, өнердегі алғашқы қарылғаштарды самғатқан шын жанашыр. Сондай-ақ, 1958 жылы қазіргі Д.Нұрпейісова атындағы музыка академиясы Атырау музыка колледжінің ашылуына тікелей себепші болған  өнерлі жұптың есімі тек Атырау өлкесіне ғана емес, күллі қазақ мәдениетіне жақсы таныс. Бүгінде олардың шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде, алыс-жақын шетелдерде кәсіби музыка жанрында  жемісті еңбек етуде.    

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button