Атырауда қар мен жаңбырдан жарық өшіп қалды

ace7e8a5 8f49 47a5 9fac 56b8ad783386 Жаңалықтар

Толассыз жауған қардан Атырау қаласындағы және қалаға  қарасты  іргелес  жатқан  елді-мекендердің  электр  жүйелері өшті.

Бұл туралы «Атырау Жарық» АҚ хабарлады.

“10/6/0,4кВ  кернеудегі  әуе жəне кабельді  электр  желілерінің  өшуі  –  магистралды  10/6кВ  әуе электр  желілері  арқылы  электр  энергиясымен  қамтамасыз етілетін  тұтынушылардың  теңгеріміндегі  техникалық   күтімсіз тұрған  10/6/0,4кВ  кернеудегі  кешенді  трансформаторлық  стансалары  мен 10/6кВ  кернеудегі  әуе  электр  желілерінде  ақаулар табылуынан  екендігін  хабардар етеміз. 

Нақтырақ айтсақ, тұтынушылардың   теңгеріміндегі  кешенді  трансформаторлық   стансалардың 10/6кВ кернеудегі  құрылымдарына  су  болып аққан  еріген  қардың ағуынан, полимерлі  тірек оқшаулағыштарында  тұйықталу  орын  алуынан апаттық сөндірулер орын алды.

Тұрғындардың  электр  жүйелеріне деген өтініштерін ескеріп, қалыпқа келтіру  мақсатында барлығы 10  ұйымдасқан  бригададан тұратын апатты жөндеу қызметкерлеріміз бен арнайы техникалар жұмылдырылып, үздіксіз қызмет атқаруда.

Электр жүйесінде апаттық сөндірулерді алдын алу мақсатында, яғни тоқ көзінің ұзақ уақытқа айырылуын болдырмау үшін, «Атырау Жарық» АҚ-ның қалалық электр жүйелерінің қызметкерлері күшейтілген режимде қызметін атқаруда.

Сонымен қатар, өзіміздің тарапымыздан қолданыстағы электр жүйесінде төтенше жағдайлар қаупін азайтуға бағытталған шаралар іске асырылуда.

Қазіргі таңда, Талғайраң, Бесікті, Атырау ықшам ауданы, Алиев көшесі, Ескі Аэропорт маңы, Бірлік-2, Томарлы, Еркінқала, Өркен, Ракуш  ықшам аудандарының электр жүйелері қалыпқа келтірілуде.

Уақытша туындаған қолайсыздықтарға  түсіністікпен қарауларыңыз сұралады”- делінген хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз