Атырауда аудиосыныптар ашылды

2021 03 05 115218727100 Білім

Арнайы мектеп-интернатында облыстың әр ауданынан келген 3 жастан 18 жасқа дейін 120 бала оқып, білім алады.

AYALA қайырымдылық қоры ірі компаниялардың бірінің демеушілігімен мектеп-интернатқа интерактивті панельдері бар екі заманауи «Унитон Форте» аудиоклассын тапсырды. Жобаның жалпы бюджеті 9,3 млн теңгені құрады. Благотворительный фонд.

Компанияның қоғаммен байланыс бойынша кеңесшісінің айтуынша, компания тарапынан әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда басты назар денсаулық сақтау саласына қойылады.

– Медицина саласындағы қызмет көрсетуді жақсарту арқылы, біз адамдардың денсаулығын, өмірін сақтауға атсалысамыз. Компания тарапынан денсаулық сақтау саласына жасалған инвестиция, Атырау облысы халқының денсаулығы мен өмір сапасына оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз, – дейді компанияның қоғаммен байланыс бойынша кеңесшісі.

Мектеп-интернатта негізінен азқамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары тәрбиеленуде. Интернат басшылығының сөзінше, бұл жерде аудандардан келген 50 тәрбиеленуші болса, қалғандары облыс орталығынан.

– Қайырымдылық қорының арқасында енді біздің заманауй талапқа сай жабдықталған сыныптарымыз бар. Олардың көмегімен балаларға есту, сөйлеу дағдыларын арттыру үшін жаңа методикаларды қолдануға мүмкіндік береді, – деді мектеп-интернатының директоры Фатима Баймұханова.

«ATPress.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз