Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда қант тапшылығы жоқ! 

Еліміздің Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері хабарлағандай, бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ.

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз» деді Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Ал, Атыраудағы базарлар мен дүкендерде әлеуметтік маңызы бар өнімнің құны бір килограмм үшін 500 теңгеге дейін көтерілген. Тіпті, кей тұрғындар 5 килолығын 2600 теңгеге, 50 килолығын 20 мың теңгеге сатып алғандарын айтады.

Айта кетейік, аймақта 2 айға қант қоры бар. Орташа бағасы — 333 теңге.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button