Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

img 20200526 wa0105 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. «Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте» айтты деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Коронавирус инфекциясымен күреске республикадан 500 млн теңге қаржы бөлінді. Шамамен осындай сумма жергілікті бюджеттен де бөлінді. Бұл қаражаттар мақсатты түрде жұмсалды.

Осы жерде демеушілердің, кәсіпкерлер сондай-ақ кәсіпорындар мен компаниялардың көмегі зор болғанын айта кету керек. Демеушілік қолдау нәтижесінде қажетті медициналық құрал-жабдықтар, жеке қорғаныс құралдары, дәрі – дәрмектер  сатылып алынды.

Қонақ үйлерде жатқан медицина қызметкерлері және карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орындарының ақысы төленді, уақытылы тамақтандыру ұйымдастырылды.

Бастапқыда небары 180  инфекциондық орын болса, бүгінде оның 540 орынға дейін көбейтілді. 300 орыннан астам провизорлық орын, 2000-нан астам карантиндік орын жасақталды.

Осынау уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылды деп есептеймін» деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз