Тамшылатып суарумен баптап-күтілетін егістік аумағы ұлғайды

Gardena Micro Drip System Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығында  тиімділігін көрсеткен тамшылатып суару технологиясы қолданысқа енгізілгелі бері егіннен алынатын өнім көлемі мен сапасы артты.

Gardena_Micro_Drip_System

Аймақта жылдан жылға осы тәсілмен баптап-күтілетін егістіктің аумағы ұлғайды. Бүгінде оның көлемі 2 540 гектарға жеткен. Осынша алқаптың тең жартысынан астамы (1320 гектары) Махамбет ауданының үлесінде болса, Атырау қаласында ­– 570, Индер ауданында ­– 390, Құрманғазыда – 240, Жылыойда ­20 гектар егіндік тамшылатып суару тәсіліне көшірілген. Ал, малазықтық дақылдар егілген 500 гектар алқап соңғы үлгідегі жаңбырлатқыш технологияның көмегімен суарылады. Бұл екпелі шөп өсірілген танапты тегістей ылғалмен қамтуға, шығымдылықты арттыруға  мүмкіндік береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз