Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі басталды 

2c81de22 3e99 41d4 abd6 e00487cb118c Жаңалықтар

Ел астанасында Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті ретінде ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсім залына ҚР Мемлекеттік туы, ҚР Президентінің штандарты әкелінді.

Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысып отыр.

Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант береді. Осы сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

фото: inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз