Атырауда қайық соқтығысынан зардап шеккен науқастар тиісті ем қабылдауда

2020 11 10 big f4dfe2988b174b8498db5e01652f98e8 Жаңалықтар

3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде қайықтар соқтығысқан. Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 7 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Атырау облыстық ауруханасына 3 науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның 2 еуі амбулаторлы ем қабылдауға үйіне жіберілді. Лор бөлімінде 1 адам ем қабылдауда. Облыстық балалар ауруханасына 4 бала көмекке жүгініп, 1 еуі амбулаторлы ем қабылдауда.2017 жылғы науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде, 2009, 2007 жылғы әр түрлі дәрежеде жарақат алған, – деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз