Атырауда полицейлер әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен өзгенің ақшасын жымқырған жасөспірімді ұстады
atr.kz/9 қыркүйек, 2020 жыл. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, маусымның жиырма бірі күні Исатай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғынның бірі арызданады.
Жәбірленушінің сөзінше, белгісіз адам оны «инстаграм» желісіндегі «Айбек көмек» парақшасы арқылы «Киви» әмиянына 40 мың теңге аудартып алған. Сондай-ақ, жәбірленушінің «Халық Банк» картасы мен сәйкестендipу нөмірін суретке түсіртіп алдыртып, оның есепшотынан 385 мың теңге ақшасын иемденіп кетті, — деді Гүлнәзира Мұхтарова.
Полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру жұмыстарының барысында қылмысқа қатысты күдіктіні анықтады. Жуырда Атырау полицейлері Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде. Тергеп-тексеру жұмыстары Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА